Кәрі құрлықтағы Хорватия елінде жүзден астам мемлекет спортшылары қатысқан дзюдо күресі бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатынан сүйінші хабар жетті ағайын! Түркістанның тумасы, Рио олимпиадасының қатысушысы Дидар Хамза 73 келі салмақ дәрежесі бойынша қола жүлдегер атанды. «Дидардың жетістігін бұдан жоғары болуы мүмкін еді. Алайда, соңғы жарты жыл көлемінде жарақатына байланысты жаттығуларын өз дәрежесінде өткізе алмады», — дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Д.Тәңірбергенов. Болашағынан мол үміт күттіретін жас спортшы бабына келмесе де бұл чемпионатта өзінің мықтылығын тағы бір дәлелі екенін айта кету қажет. Жас Дзюдошының бұл тырнақ алды жеңісі деп біледі жерлестері. Оның үстіне, өз салмағында әлемнің үздік үштігінің қатарынан орын алатын Дидардың жеңісін түркістандықтаржерлестері көк күмбезді көне, киелі шаһардың тойына тарту болды деп бағалап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінде ынталандыру жүлделері де табысталды
Көне Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінде Алтай Республикасынан келген Анастасия […]
Түркістанда қала күні тойланды
Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында ауылшаруашылық және өндірістік тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған қалаға қарасты 12 ауылдық округтен және өндіріс орындарынан 25 тонна ауылшаруашылығы өнімдері мен қайта өңделген өнімдер арзан бағада тұтынушыларға ұсынылды. Сонымен бірге, […]
ОҚО әкімінің орынбасары Б.Жамалов: «Мемлекеттік несиелер жаңа жылға дейін беріліп болуы тиіс»
Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамаловтың жетекшілігімен семинар өтті. Семинар жұмысына банк пен қаржлық қор өкілдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, ұйымдастырылған […]
Пікір қалдыру