Төлебиде «Қазақстанның эволюциялық дамуы – ұлт өркендеуінің алғышарты» деген тақырыпта кездесу өтті

Көксәйек ауылында «Қазақстанның эволюциялық дамуы – ұлт өркендеуінің алғышарты» Қазақстанның үшінші жаңғыруы және рухани жаңғыру мақсаттарын жүзеге асыру бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор, РЖҒА және ХТҒА академигі Саттар Фазылұлы Мажитовпен және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университетінің ғалымдары мен ОҚО ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған «Ақпараттық талдау орталығы» КММ директоры, тарих ғылымдарының докторы Сейдулла Ибадуллаұлы Айкөзовпен кездесу өтті.Елбасымыздың мақаласында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып Саттар Фазылұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш- қайратымызды жұмсау керектігін айтты.Кездесуге жиналған қауымды арнайы бейнероликпен таныстырып, тақырып төңірегінде өз пікірімен бөлісті. «Бұл кездесулердің бастамашысы – облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы. Біз бүгінгі жиында үшінші жаңғыру мен рухани жаңғыруды байланыстырып отырмыз, мақсатымыз сіздермен сұхбаттасу, ойларыңызды білу, пікір алмасу. Өйткені, үшінші жаңғыру тек қана өндіріс емес, қоғамның барлық тұсынан дамуы, оған қосатын әрбіріміздің үлесіміз», -деді Саттар Фазылұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*