Төле би ауданында 10 шағын су электр станциясы салынады

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Төле би ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті. Төлебиде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларына тоқталған аудан басшысы алдағы уақытта баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауданда 20 МВт элект энергиясын өндіретін ірілі-ұсақты 10 су электр станциясы салынатынын айтты.Ал биылғы жылы жоғарғы Ақсу мен Сайрам өзендері бойынан инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңге болатын 5 МВт электр қуатын өндіретін ГЭС пайдалануға берілетін болады.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысындағы елдімекендерді электр қуатымен толықтай қамтамасыз ету, бүгінде күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, өңірде қуат көзінің жетіспеушілігі әлі күнге сезіледі. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы 400 мегабайт энергия тұтынатын көрінеді. Оның 30 пайызын ғана оңтүстік өзі өндіреді. Қалған 70 пайызы солтүстіктен келеді екен. Осыған орай жергілікті билік, мәселені түбегейлі шешудің сан алуан жолдарын қарастырып отыр. Яғни, 2020-жылға қарай өңір тұрғындарын 100 пайыз сапалы қуат көзімен қамтуды көздейді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*