Төле би ауданының жалпы өңірлік өнімі 20 миллиард теңгеге жеткен

Бүгінгі таңда, Төле би ауданында мемлекеттік бағдарламалардың аймақтаа табысты жүзеге асырылуының нәтижесінде  аудан экономикасы едәуір артып келеді. Жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі айтарлықтай  жақсара түскенін айта кету керек.«Биыл аудан бюджетінің көлемі 17 млрд. теңгені құрады. Ал Жалпы өңірлік өнім осы жылдың төрт айында 20 млрд. теңгеге жетті. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 1808,9 млн. теңге болып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен саластырғанда 104,3 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласында осы жылдың 4 айында 7  миллион  456 мың теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде қайта өңдеу саласында 6 млрд. теңгеден астам  өнім өндірілсе, оның өнеркәсіптегі үлесі 87,9 пайызды құрайды»,-деді Төле би ауданының әкімі Бұқарбай Парманов.

Сонымен қатар, брифинг барысында аудан әкімі Бұқарбай Парманов индустрялды аймақта 40 гектар жерге бір емес, бірнеше жобаны жүзеге асырып жатқанын айтып кетті. Нақтырақ айтқанда, «Нұрлы шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс материалдын шығаратын 6 зауыттың құрылысын салуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*