ОҚО әкімі: Төлебидің ауылшаруашылық саласының қызметкерлері жылды жақсы қорытындылады

«Туған жер-алтын бесігім» атты облыстық фестиваль аясында Шымкентке келген төлебиліктер шаһар тұрғындарына дәмі тіл үйірер Диханкөл қымызын тегін таратып, «Сірге мөлдіретер» дәстүрі мен  «Марқа көтеру» балуандар және мергендер сайысын ұсынды. Іс-шара барысында ұлттық-мәдени орталықтарының ас мәзірінен көрме, «Алтыбақан» ойын-сауық отауы аясында «Сақина салу» ойындарын ұйымдастырды.«Бұл ауқымды шара аудан-қалалардың мәдениеті мен руханиятының көрінісінен бөлек, әлеуметтік-экономикалық өркендеуін де айғақтап отыр. Бұл облыстық іс-шарамыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағытымен тікелей үндесіп жатыр. «Көктемнің бір күні жылға азық» дегенді өз басынан өткерген шаруаның ерте көктемнен тыным таппай атқарған еңбегінің рахатын көретін кезі – осы қоңыр күз. Төлебидің ауылшаруашылық саласының қызметкерлері жылды жақсы қорытындылады. Бұған дәлел – бүгінгі жәрмеңкедегі санына сапасы сай азық түліктің барлық түрін, оған деген халықтың қызығушылығы мен жақсы сұранысын көріп отырмыз. Сондықтан аграрлық сектордағы жетістіктерімізді барша облыс еңбеккерлерінің ортақ жеңісі деп бағалаймыз»,-деді әкім.

Дәл осы күні Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында «Жебе» халықтық драма ұжымының Әділбек Бекбосынұлының «Төле бидің төрелігі» атты арнайы қойылымы қойылды. Туындыда 1725 жылғы оқиға көрініс тауып, сипатталды.  Сондай-ақ «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, журналист, ғалым, баспагер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Темірғали Көпбаев пен аудандық «Төлеби туы» қоғамдық-саяси газеті редакторының орынбасары, Орынбасар Сүттібаевтың оқырмандармен кездесу кеші өтті. Шара соңы аудандық көркем өнерпаздардың Гала-концертімен ұласаты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*