Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті мәжілісінде аймақ басшысы Ж.Түймебаев бюджет қаржысының игерілмеуіне қатысты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға берді.«Бюджет қаражатын тиімді және мерзімінде игеру әрбір мекеме басшысының басты мақсаттарының бірі болу керек екенін айтқан облыс әкімі қазынадан бөлінген қаржыны дұрыс ұқсатпаған басшылар жазаланатынын жеткізді. «Біздің осы бағыттағы жұмысымызды Мемлекет басшысы мен Үкімет қатаң бақылауға алған. Осыған сәйкес біз бюджет қаражатын игеру мәселесін тұрақты түрде ай сайын қарап, талқылаймыз. Алайда, қаржы басқармасының бүгін жасаған баяндамасына сәйкес, облыстық басқармалардың және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бағытындағы жұмыстары төменгі деңгейде болып отыр. Сонымен қатар, былтырғы жылдан бері бюджет қаражатын игеру бойынша берілген тапсырмалар орындалмағаны белгілі болды. Осы ретте, бірқатар облыстық басқарма басшыларының және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бойынша жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға беремін»,-деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да салық түсімі 10 айда 251 млрд. теңгені құрады
Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Айта кету керек, белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген болып отыр. Бүгін бұл […]
Жамантай Бейсенбаев Мақтаарал ауданының әкімі қызметіне тағайындалды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының әкімі лауазымына Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевты тағайындады. Әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына […]
ОҚО-да дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі
Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті. Облыстың бас дәрігері жыл басынан бері денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.«Бұған дейін ауылды жерлерге барған дәрігерлерге 100 […]
Пікір қалдыру