ОҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 29 мың га артып, 818 мың га құрады. Сонымен бірге жаңа бастамамен алғаш рет облыста 59 га жерге жаңғақ, 7 га бадамша егілді. Ал тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға, жылыжайлар 171 га салынып, жалпы 1 294 гектардан асты. Осынау жетістіктің бәрі өңірдегі еңбекқор шаруалардың ерен еңбегі деп білеміз.Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтті. Осындай жетістікке жеткен еңбек иелерінің ерлігіне құрметпен қарау мақсатында күзгі мерекені «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі түрінде айырықша атап өту облыс әкімінің бастамасымен қолға алынып отыр. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы бағытта қалыптасып, республиканы ғана емес, шетелді де өзінің ерекше өнімдерімен таңқалдырып келеді. Табиғаттың төрт мезгілі тепе-тең сақталып, күн нұрына бөленген өнегелі өлкеде төгілген адал тердің бір тамшысы да елеусіз кетпек емес.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да пара алуға оқталып ұсталған көші-қон бастығы 2 айға қамауға алынды
Шымкент қаласындағы əл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов, сыбайлас жемқорлықпен құрықталған ОҚО ІІД көші-қон басқармасының бастығы Нұрдәулет Төлегенұлының екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Лауазым иесіне қарсы ҚР ҚК-нің 190 және 367 баптарымен айып тағылып отыр. […]
Оңтүстік Қазақстан облысынан «Достық керуені» Өзбекстан Республикасына жолға шықты
Бұл іссапар Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің наурыз айында Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Интернационалдық мәдени орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылып отыр. Меморандумда қоғамдық-саяси, мәдени-білім беру, […]
ОҚО-да Бірлік күнінде бір мезетте 1 мың домбырашының күйі орындалды
Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті. Отанымыздың ең маңызды мейрамдарының біріне арналған мерекелік шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, барша оңтүстікқазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады. «Халқымызда «Бақ […]
Пікір қалдыру