Оңтүстіктегі «Əзірет Сұлтан» қорық-музейінің қоры 114 жəдігермен толықты

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік – тарихи мәдени қорық – музейінің ұйымдастыруымен «Музейге сый» акциясы өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Ата бабаларымыздан мұра болып қалған кең байтақ жерімізді, тарихи-мәдени құндылықтарымызды, тарихымызды, ізгі қасиеттерімізді сақтап және де жаңғыртуымыз қажет. Өйткені ұрпақ санасында ұлттық рух мәңгі қалуға тиіс» деп, тарихи жəдігерлер маңыздылығы мен қорғау мәселесін баса айтқан болатын.Осы орайда,  «Музей. Сый. Сыйға берушілер» атты көрме ұйымдастырылып,  қала тұрғындары мен қонақтары əкелген жәдігерлер ел назарына ұсынылды. Акция аясында музей жанашырлары тарихи, этнографиялық бағыттағы көне дүниелерін көрмеге əкеліп, жалпы қор — 114 жәдігермен толықты. Ата-бабадан мұра болып,сақталып келе жатқан құнды дүниелерді музейге табыстаушылар арасында Түркістан қаласының тұрғыны «Әжелер» ансамблінің мүшесі, қалада өтетін іс-шаралардың белсенді қатысушысы Жақсыгүл Төлентаева да бар. Қаланың ақ жаулықты анасы музейге этнографиялық және бонистикалық бағыттағы жалпы саны 30-ға жуық зат тапсырып, баба аманатын барша ұрпақ баласы көріп, тарихын ұғынғанын жөн санағанын жеткізді.
«Əзірет Сұлтан» қорық-музейі ашылғанда небəрі
300 жәдігерден құралған құндылықтар қоры  қазіргі күнде  24082 жәдігерге жетті. Көрме экспозициясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың музейге сыйға тартқан құран кітабынан бастап шет ел басшылары мен еліміздің қоғам қайраткерлері, әуесқой археолог, музей қызметкерлері және қарапайым халықтың күнделікті тұрмыста қолданған этнографиялық, археологиялық  және жазба ескерткіштері болса, жыл сайын өтіп отыратын акция аясында Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ұлы  Бауыржан Жәнібеков әкесінің жеке кітапхана қорындағы 18 дана кітапты табыстаған болатын.Табысталған кітаптар — шетелдік бірегей әдебиет туындылары, музей ісі мен отандық өнер саласына қатысты əрбір кітапта Өзбекәлі Жәнібековтің өз қолтаңбасы бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*