Оңтүстік ардагерлері «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Ырыс алды ынтымақ» қоғамдық форумында өңір басшысы Ж.Түймебаев өз баяндамасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқын көрсетілген бағдарлар мен жобаларды  жүзеге асыруда қариямыз бен жасымыз білек сыбана, бірлік пен ынтымақты ту етіп кірісуіміз керек деді.         Форум барысында Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай өңірдегі 20 ардагер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталса,  екі ардагер облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды.

         Өз кезегінде, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы                     Жеңісбек Мəуленқұлов «30 жыл – 30 белес» тақырыбында баяндама жасаса, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Шалатай Мырзахметов ұрпақтар сабақтастығы және әдемі қартаюдың мән-мағынасына тоқталды. Ал, медицина саласының ардагері, ғылымдарының докторы Иманәлі Байдаулетов «Еңбегіне сенгеннің еңсесі биік» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, айтыскер ақын Біржан Байтуов «Қариялар мен жастар. Рухани жаңғыру және туған жер» тақырыбында жастардың атынан өз ой-пірімен бөлісті.

         Жиын барысында форумға қатысушылар орта толтырған пікірлер негізінде арнайы қарар қабылдады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*