Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесі жанынан жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, лентасын қиды. Салтанатты шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның киелі жерлерінің картасын әзірлеу тапсырылған болатын. Аталған жоба аясында өңіріміздегі бірқатар қасиетті жерлерді жаңғырту, қайта қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Солардың бірі — «Домалақ ана» кесенесі бүгін қайта жаңғырып, келушілерге жаңа қонақ үй кешенін ұсынып отыр. Жалпы қазақ халқы үшін Домалақ ананың орны бөлек. Ендеше, жаңа кешен, кесененің жаңғыруы құтты болсын!», — деді Жансейіт Қансейітұлы.Ана рухын құрметтейтін жанашыр азаматтардың демеушілігімен бой көтерген кешенде зиярат етушілерге барлық жағдай жасалған. Онда қонақтарға арналған жатын бөлмелер, асхана, киіз үй пішіндес орындықтар мен өзге де тұрмыстық ғимараттар бар. Қонақ үйді аралап көрген өңір басшысы алдағы уақытта «Домалақ ана» кесенесіне зиярат етушілердің қатары арта түсетініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 300 елдімекен табиға газбен қамтамасыз етілген
Оңтүстік Қазақстан облысында 844 елдімекеннің 618-і немесе 73,2 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 2017 жылы ауыз су және су бұру саласында 34 нысанға 4,7 млрд.теңге бөлінген. Мұндай мәліметтер жуырда ОҚО әкімі Жансейіт […]
ОҚО-да 364 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Оңтүстік Қазақстан облысында кадастрлық құны 603 814 600 теңгені құрайтын 364,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған жер учаскелеріне жүргізілген тексеру жұмыстарының арқасында қол жеткізіліп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз […]
ОҚО-да шыны шығаратын зауыт көмірқышқыл газын өндірмек
Оңтүстік Қазақстанда шыны ыдыстарын шығаратын «Еврокристалл» зауыты жұмыс істеу аясын кеңейтуді қолға алып, көмірқышқыл газын өндіруді бастамақ. Ол үшін кәсіпкерлер арнайы итальяндық құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр. Зауыт қожайынының мәліметінше, көмірқышқыл газын сусындарды газдау үшін […]
Пікір қалдыру