ОҚО-да 300 елдімекен табиға газбен қамтамасыз етілген

Оңтүстік Қазақстан облысында 844 елдімекеннің 618-і немесе 73,2 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, 2017 жылы ауыз су және су бұру саласында 34 нысанға 4,7 млрд.теңге бөлінген. Мұндай мәліметтер жуырда ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың облыстық мәслихат алдында берген есебінде айтылды.

Нәтижесінде, су құбыры мүлдем жоқ 10 елдімекенде (12,3 мың халық) жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілсе, 3 елдімекенде (6,2 мың халық) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылатын болады. Орталықтандырылған кәріз жүйелерімен 10 мың адам қамтылады.

Сонымен қатар, 89 елді мекенге ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін 83 жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Облыста 300 елдімекен (35,5 %)немесе 1,8 млн. халқы (61,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

2017 жылы облыстық бюджеттен осы мақсатқа 12,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп 72 елдімекенде газдандыру құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге жуық артқан. Жылдың қорытындысымен 50 елдімекен (80мың халық) табиғи газбен қамтылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*