Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барша отандастарды қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуімен құттықтағанын айта кету керек. Бұл туралы өңір басшысы Астана мен Алматы қаласынан келген белді тарихшы, ғалымдар мен қоғамтанушылар қатысқан басқосуда мәлімдеді.«Кеше Елбасымыз қабылдаған латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығын Қазақстан Республикасындағы ең үлкен оқиғаның бірі деп айтуға болады. Мұндай әліпбимен қазір дүниенің 90 пайызы деп айтуға болады пайдаланады. Осындай қауымдастықтың ішінде Қазақстан да жүруі керек. Бұл латын әліпбиін қолдануды біз жаңадан бастап жатқан жоқпыз. Өткен ғасырдан тәжірбиеміз бар. 1929-1940 жыл арасында біздің әкелеріміз бен аталарымыз осы жазуды қолданған болатын. Міне, Президентіміз осы қаріпке көшуді қайта жаңғыртып, ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті»,-деді аймақ басшысы.Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстарда кедергілер болмайтынын айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да газдан уланып зардап шеккендердің саны екі есеге төмендеген
Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтың айтуынша, өңірде оқыс оқиғалардың негізгі себептері жабдықталмаған су айдындарында суға шомылу, балалардың ересек адамдардың қарауынсыз қалуы, судағы қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын бұзу болып […]
ОҚО-ның үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне қатысты дөңгелек үстел басында жиналды
ОҚО-ның қоғамдық ұйымдары латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдайды. Осыған орай, бүгін өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосты. Бірлестік төрағаларының пікірінше, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы заман талабына сай болып табылады. Шәріпбек Жамалбек, […]
ОҚО жұрты қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр — саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күні. Осыған орай бүгін «Қасірет» мемориалында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Шымкент қаласының әкімі […]
Пікір қалдыру