Оңтүстік Қазақстан облысында өткен AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесінде Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан сынды шетелдік 50-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда келушілер ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды көре алады.Сонымен қатар, халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар облыстың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар ала алады. Дәстүрге айналған AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі Қазақстан мен шет мемлекеттердің аграрлық саладағы жетістіктерін одан әрі молайта түсетінін ескере кеткен жөн. Айта кетейік, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнім көлемін арттыру үшін биыл Оңтүстіктің шаруалары 900-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік өнерпаздары Астана қаласын аралап жүріп өнер көрсетті
Оңтүстік өнерпаздары меркелік өнер думанының шерушілері «Думан» ойын-сауық орталығынан бастап, «Мәңгілік ел» қақпасы және «Хан шатыр», «Mega Silk Way» ойын-сауық орталықтары, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және «Бәйтерек» алаңына дейін жүріп өтті. Астаналық тұрғындарға Оңтүсіктің ән […]
ОҚО-да халықаралық AgriTek Shymkent’2017 көрмесі ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесі өз жұмысын бастады.Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл […]
ОҚО Республикамызда ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы орында келеді
Әлемді дағдарыс қысқан тұста еліміздің де даму қарқыны бәсңдей түсті. Алайда, кейбір дамыған елдер секілді артқа кеткен жоқ. Осының арқасында Қазақстан жаһандағы ауқаты елдердің отыздығына таяп келеді. Еліміздің бұлай әлеуметтік, экономикалық тұрғыда қанат жаюына Оңтүстіктің […]
Пікір қалдыру