ОҚО-да халықаралық AgriTek Shymkent’2017 көрмесі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесі өз жұмысын бастады.Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында экономиканың жаңа драйверіне айналып келетінін жеткізді.«Бұл мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Облыстың егін шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Мысалы, бүгінгі таңға облысымызды 2,8 мың га қарқынды бау бар, олардың өнімділігі 29,0 мың га басқа бауға қарағанда 1,5-2 есеге артық. Сонымен қатар, облыста 5 мың шаруашылыққа тиесілі 1,3 мың гектардан астам жылыжайлар бар, оның ішінде 17 бірлік автоматтандырылған өндірістік жылыжайлар. Сонымен қатар сүт бағытында жаңа технологияларды қолдану белсенді түрде жүргізілуде. Заманауи қондырғылардың арқасында сиырдың әрбір басынан жылына 7 мың литрге дейін сүт алынады. Ал цифрлық технологияны қолданудың нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге дейін артады»,-деді аймақ басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*