18-қазан — Рухани келісім күніне орай бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінде ауыл имамдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Рухани келісім – мемлекет дамуының маңызды факторларының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында ұлттық кодтың маңызы, рухани жаңғырудың болашақ үшін әсері кеңінен баяндалғаны баршаға аян. Ал, биылғы дәстүрлі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еліміздің Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келетінін айтты. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізуді жүктеді. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруды тапсырды. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов еліміздің Конституциясында Қазақстан Республикасы дін мемлекеттен бөлінген зайырлы мемлекет екендігі нақты айқындалғанын, дегенмен, мемлекет дамуында ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің ерекше маңызы барын атап өтті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуахасов рухани келісім күнінің шығу тарихына тоқталып, оның мәнін аша түсті. Ауыл имамдары көкейіндегі мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты. Дін мен дәстүр үндестігін сақтап, ел игілігі үшін аянбайтындарын жеткізді. Жиын соңында Рашид Үсіпханұлы дін қызметкерлеріне Алғыс хат тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Бөгеннің бүгіні
Кеңес заманында балығы тайдай тулаған Бөген ауылының даңқы Мәскеу асып жататын. Сары сазанының дәмiн шетелдiктер бiр татқан соң, қайта-қайта аңсайтыны баратын. «Елде болса ерiнге тиедi» деген емес пе, ауыл адамдары да құдалығы мен той-томалағына балық […]
Ордабасыда «Көнеден жеткен сыр-сандық» шарасы өтті
«Ардагерлер кеңесі» облыстық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «Ата-баба дәстүрі–ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында бүгін Ордабасы ауданында «Көнеден жеткен сыр-сандық» тақырыбында ауданаралық іс-шара өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған топ алдымен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт […]
Ордабасылық кәсіпкерлер тәжірибе алмасты
Ордабасылық кәсіпкерлер бәсекеге қабілеттілікті арттыру халықаралық бағдарламасы аясында, Түрік Республикасы экономика министрлігінің ұйымдастырған «Мал шаруашылығын экспорттау, қарқынды бауды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу» тақырыбындағы танытым сапарына қатысып, өзара іскерлік тәжірибе алмасып қайтты. Іс-сапар барысында […]
Пікір қалдыру