Бөгеннің бүгіні

Кеңес заманында балығы тайдай тулаған Бөген ауылының даңқы Мәскеу асып жататын. Сары сазанының дәмiн шетелдiктер бiр татқан соң, қайта-қайта аңсайтыны баратын. «Елде болса ерiнге тиедi» деген емес пе, ауыл адамдары да құдалығы мен той-томалағына балық қуырып қойып, қонақтарының ризашылығына бөленетiн. Кейiн сол күндердiң көзден бұлбұл ұшқаны да жасырын емес. Иә, балықты ауылдың қазiргi тiршiлiгi қалай, немен айналысуда? Соған тоқталайық.

Қазiргi таңда аумақ тұрғындары негiзiнен егiн және мал шаруашылығымен айналысады. Жер көлемi 20452 гектар, оның 4036-сы суармалы. 7 өндiрiстiк кооператив, 20 серiктестiк, 468 шаруа қожалығы бар. 1400 гектарға жоңышқа, 1180 гектарға мақта өсiрiлуде. Картоп, күнбағыс, өзге де бақша түрлерi егiледi. Халқымызда «Бiр адам — самал, екi адам — амал, үш адам — жамал, төрт адам — қамал» деген сөз бар. Сол айтқандай, Әбiлда Әлiбеков құрамына 273 шаруа қожалығын бiрiктiрiп, «Орда-Басы-Агро» ауыл шаруашылығы кооперативiн құр-ды. Аталған кооператив биыл бiрнеше техниканы «КазАгрофирмадан» лизингке алды. Кооператив қарамағында 300 гектар мақта, 200 гектар жүгерi және жоңышқа бар. Шаруашылықтың тиiмдiлiгi көп. Мәселен, тұрғындар өз қарамағындағы мақта не жүгерiнi бұларға бередi. Олар қолдағы техника күшiмен дақылды еккеннен бастап өнiмдi жинап алғанға дейiнгi барлық жұмысты өздерi атқарады. Еңбек ақысына күзде екi жақ та өнiм арқылы есеп айырысады. 12 жұмысшы тұрақ-ты жұмыспен қамтамасыз етiлген. Кооператив төрағасы Әбiлдаға iнiлерi Ерғали мен Нұрғали кө-мектесуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*