Ордабасыда жігіттің сұлтандары сынға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық «Жігіттің сұлтаны» сайысы өтті. Жүзден жүйрік таңдаған аталмыш шара Қараспан ауыл округі, Есенберлин атындағы жалпы орта метебінде ұйымдастырылды. Шарада үміткерлер «Мен қазақтың ұлымын!» және«Мақал — сөздің мәйегі», «Жігітке жеті өнерде аз», «Нысана көздеу» секілді байқаулар арқылы өзара бақ сынады.Сонымен қатар, 9 үміткер қатысқан сайыс барысында өзге үміткерлерден озық болып, жақсы нәтедие көрсеткен Шұбарсу ауыл округінен келген Серікбаев Ғарифулла ерекшеленіп, І орын иеленгенін айта кеткен жөн. Мұнан бөлек, жүлделі ІІ орын Қажымұқан ауыл округінен Төреш Сұлтанмахмұтқа бұйырды. Ал, Шұбар ауыл округінен келген Даумеков Құдияр ІІІ орын тұғырынан көріне білді. Жеңімпаздар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*