Шымкентте «Биогаз қондырғылар кешенін» іске қосқан «Су ресурстары — маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылатын жобаның құны 2 млрд. 200 млн. теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 м3 метанды газды (биогаз) өндіреді. Мұнда тұрақты жұмыс орнымен 20 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.Жалпы облыс көлемінде Мемлекет басшысының жаңа энергетиканы дамыту тапсырмасына сәйкес жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды. Ал осы жылдың соңына дейін Қазығұрт ауданында Достық шағын су электр станциясы іске қосылады. Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округінде қуаты 20 МВт «Жылға» және Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы маңында қуаты 5,0 МВт екі күн электр станцияларының құрылыс жұмыстары басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттегі мотор майларын шығаратын зауыт алдағы жылдары 24 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр
Бүгінде базалық май нарығы өте ауқымды. Елімізге жылына 400 мың тоннаға жуық түрлі машина майлары тасымалданады. Халықтың әл-ауқатының өсуі және автокөлік тұрақтарының көбеюіне байланысты жанармай материалдары мен базалық майларға жылдан-жылға сұраныс артуда. Осы ретте, Шымкент […]
Шымкент: жаңа алты мектептің құрылысы бойынша келісімшарт түзілді
Шымкент қаласында алты жаңа мектептің құрылысына келісімшарт түзілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті. «Былтыр 11-ші сыныпты 8000 оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады. Бюджет қаржысы […]
Шымкентте 540 пәтер өз иелерін күтіп тұр
Биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға мыңнан астам пәтер беріледі деп күтіліп отыр, деп хаббарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. «Шымкентте 37 мыңнан астам адам үй кезегінде […]
Пікір қалдыру