Шымкентте іске қосылған «Биогаз қондырғылар кешенінде» 20 адам жұмыс істейтін болады

Шымкентте  «Биогаз қондырғылар кешенін» іске қосқан «Су ресурстары — маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылатын жобаның  құны  2 млрд. 200 млн. теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы  қалдықтарды  өңдеу  арқылы  тәулігіне 300 м3 метанды газды (биогаз) өндіреді. Мұнда тұрақты жұмыс орнымен 20 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.Жалпы облыс көлемінде Мемлекет басшысының жаңа энергетиканы дамыту тапсырмасына сәйкес жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды. Ал осы жылдың соңына дейін Қазығұрт ауданында Достық шағын су электр станциясы іске қосылады. Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округінде қуаты 20 МВт «Жылға» және Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы маңында қуаты 5,0 МВт екі күн электр станцияларының құрылыс жұмыстары басталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*