Шымкентте 4094 аялдама залалсыздандырылды

Еліміздің үшінші мегаполисінде, шырайлы Шымқалада 4094 аялдамада  залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмысы барысында 64 автопарк пен  323 бағыттағы автобус залалсыздандырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мәлімдеді.

Сала мамандары тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары жалпы саны 77 нысанды аралап, олардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Короновирус инфекциясының алдын алу сақтық шаралары жөнінде кеңестер берілді. Әлемдік пандемияның төрткүл дүние жұртшылығына төндіріп тұрған қаупі жайында егжей тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы  аумағында аудандарда дезинфекциялау жұмысына №35748 әскери бөлімнің сарбаздары мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кету керек, бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ пен 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*