Оңтүстік Қазақстан облысында кинологтардың бір айлық оқу курсы басталды

АҚШ елшілігі есірткіге қарсы күрес бағдарламасының директоры Кристофер Кент
пен АҚШ-тан келген оқытушы-кинологтар жергілікті мамандармен кинология саласының соңғы тәсілдерін меңгеруде тәжірибе алмасып, бірлескен жаттығулар өткізді. Тәжірибе алмасу бағытындағы оқу курсы бір айға жалғасады. Онда отандық мамандар мен иісшіл иттерге есірткі заттарын іздеу мен тез табудың қыр-сыры үйретіледі. Оқыту курсының бірінші күні  кинологтар күн тәртібіне қойылған барлық тапсырма өз деңгейінде орындалып, иттерге жоғары деген баға берілді.  Қазір кинологиялық орталықта 25 қызметтік-иісшіл ит бар. Олардың төртеуі жарылғыш заттарды іздестіру бойынша қызмет етуге дағдыланып, екінші бірі валюта табуға машықтанған. Ал қалған төбеттер есірткі бизнесінің жолын кесуге үйретілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста кедендік шекарада офицер кинологтармен оларға бекітілген қызметтік иттерінің қатысуымен есірткі контрабандасының 46 дерегі анықталған. Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы көлемі 800 келіден аса есірткі заттары алынған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*