«Жастар және дін» патриоттық қозғалыс жиыны өтті

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен патриоттық қозғалыс жиыны өтті. Басқосуға қалалық мешіттің имамдары, ішкі саясат басқармасы, ішкі істер департаментінің қызметкерлері және облысымыздағы әр-аудан қалалардан 150 оқушы қатысты. Дін қызметкерлерінің тілге тиек еткен басты мәселесі – мектеп оқушылары арасындағы белең алған діни сауатсыздық. Күн санап қатары көбейіп келе жатқан әлеуметтік желілердің тұрақты пайдаланушылары – теріс пиғылды азаматтардың арбауының аз-ақ алдында тұр дейді . Олардың айтуынша, дінге бет бұрған жас тек болашақтағы өзі күткен рухани тыныштықты ғана емес, елдің, отбасының мүддесін көздейтіндей сауаттылыққа ие болу керек. Басқосу дәл осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Жиын барысында ОҚО Дін басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының арнайы әзірлеген бейнероликтер көрсетілді.

Еркін форматта өткен жиын сұрақ-жауапқа ұласты. Ал іс-шарада белсенділік танытып, дұрыс сұрақ қоя білген оқушыларға облыстық білім басқармасының атынан арнайы сертификаттар және сыйлықтар табысталды. Мұндай форматтағы жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*