Арнайы кабинет ашылды

Мүмкіндігі шектеулі балалар да еш көштен қалмай, салауатты өмір салтын қалыптастырады. Ленгір қаласындағы есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы қосалқы мектеп-интернатында барлық жағдай жасалған арнайы кабинет ашылды. Онда тәрбиеленушілер теориялық білім алып, арнайы бала дамуына арналған тренингтерге қатысуға мүмкіндік алады. Кабинеттің ауқымы кішкентай болғанмен, берері үлкен. Бұл жерде білім алушылар салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыланады. Есігін айқара ашқан арнайы кабинетте алғашқы сабақ та өтті.  Ақ халаттылар бұл балалардың жұқпалы дертке шалдығу қаупінің зор екенін айтады. Сондықтан арнайы жабдықталған бөлме жас өскіндердің денсаулығын күтіп, салауаттылығын сақтауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Ал арнайы спорт құрал-жабдықтарымен бар бұл залда балалар дене шынықтырумен айналысады. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай балаларға бұл ауадай керек. Осыған орай 150 орынға шақталған мектеп-интернатта спортпен шұғылдануға арналған бөлме де пайдалануға берілді. Мұнда тәрбиеленушілер жаттықтырушылардың көмегімен сабақтан тыс уақытта спортты серік етеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*