Батагөй қариялардың сайысы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бастар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қазыналы қария» атты батагөй қариялар мен ел ағалары арасындағы сайыс өтті.

Байқаудың мақсаты асыл қазына аталарымыздың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы қоғамымызға рухани байлық, атадан балаға мұра болатын халқымыздың салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары арқылы имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, халқымыздың асыл қасиеттерін насихаттау болып табылады.
Батагөй қариялар «Бата беру», «Өнер байқауы», «Мақал-мәтел», «Өнегелі-өсиет сөздер айту» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Байқаудың талаптары бойынша қала, ауыл округтерінен 55- 60 жастан асқан ақсақалдар мен ел ағалары қатысып, қазылар алқасының қортындысы бойынша I-орынды Ақдала ауыл округінен келген Балғынбай Пердебек, II-орын Самархан Байдәулетов пен Жаңабай Еркеев ардагерлер ұйымынан, III-орынды Дермене ауыл округінен қатысқан Мұрат Нұртанов пен Арыс қаласынан Тыныштық Карбозовтар иеленді. Жеңімпаз қарияларға мадақтамам және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*