«АТАМНЫҢ БАСЫНА ҚАЗАҚПЫН БА?»: Шартты түрде түрмедегі Жаманқұлов Арыс туралы айтты

Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов ел басына күн туғанда қасынан табыла алмағанының себебін түсіндірді.  Оқ пен оттың астында қалған Арыстық тұрғындардың жанына демеу болғысы келген. Алайда, оның шартты түрде түрмеде болуы жан-жаққа шыға алмауына кесірін тигізген деп жазады Kungei.kz.

Халықтың басына түскен нәубетті бөліскісі келгенімен, шарасызбын деп ақталған актер, көп халық жиылған жерлерге баруға тиым салынғанын айтты. Тіпті, қуаныш пен тойларға да баруға болмайтынын ескерткен екен.

«Өткенде болған Арыстың жағдайында жетіп барғым келді қастарына. Кейбір митингілерде, заңды болсын, заңсыз болсын, солардың арасында болғым келді. Рас. Бірақ, мен шартты түрде түрмедемін. Маған қазір көп жерлерде көріне беруге болмайды. Мені қарап отырған жігіттер, қызыл жағалы жігіттер, «аға біраз сабыр етіңізші, жұрт жиналған жерлерге бармаңызшы, тойларға көп бара бермеңіз, инстаграмда көп көрінбеңіз деген. Сіздің жауларыңыз, сізді жақы көретін тырнақшаның ішіндегі адамдарыңыз бізге уәж айтады. Сайраңдап жүр ғой деп айтады» деп ескерткен. Маған нақақтан жабылған жаланың арқасында шартты түрде түрмеде отыруға жағдай жасап қойды. Сүлдерім құрып амалдың жоқтығынан, диванный батырмыз дегендей, диванды сындырып жібере жаздаймын. Алға қазағым демесем, атамның басына қазақпын ба? Бұл күреске шақыру емес, көтеріліске шақыру емес. Ұлттық намысты жоғалтпаудың төңірегіндегі жангештілік..»,-деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*