Түркістан: Төлеби ауданында қос мүсін қойылмақ

Түркістан облысы Төлеби ауданында Ұлы Абайдың 175 жылдығы құрметіне орай арнайы мүсін қойылмақ. Төлеби ауданына арнайы барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ескерткіш жобасымен танысты. Ұлы даланың Ұлы ойшылының мерейтойы құрметіне арнайы жасалып жатқан мүсіннің биіктігі 3,5 метр. Мыстан құйылған ескерткіш демеушілер тарапынан жүзеге асып жатыр екен. Данышпан ойшылдың мүсіні  аудан орталығында жаңадан бой көтеретін Абай аллеясында орнатылады. Сондай — ақ, Төлеби ауданында демеушілер есебінен, халқы­­­мыздың қасиетті сөзін ел бірлігі мен жер тұтас­тығына арнаған тарихи тұлға Төле бидің еңселі ескерткіші бой көтереді. Мүсіннің биіктігі 7 метр болмақ. Жергілікті тұрғындар баба мүсіні Төлеби ауданының ең көрікті жерлерінің біріне айналады деп күтуде.

Аймақ басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалармен танысты. Аудан орталығындағы «Жастық» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда білім ұялары жаңартылып, 20 пәтерлі 9 тұрғын үй бой көтерді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*