ШЫМКЕНТ: БАС ЖОСПАРДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ

 

Шымкент – республикалық маңызы бар қала ретінде Бас жоспарының тұжырымдамасы жасақталуда. Жобаның іске асырылуы екі бағытқа бөлініп, 2021-2022 жылды қамтиды. ҚР ҚЕ 1.02-110-2013 құрылыс нормасына сәйкес жасақталуы 19 айға қарастырылған.

Қаланың Бас жоспарын әзірлейтін мекеме «Фонд Градостроителей» ЖШС. Жобаның ең үздік тұжырымдамасын әзірлеген бұл компания комиссия мүшелерінің бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып отыр. Қазіргі таңда бюджеттік өтінім беріліп, келісім шарқа тұру процесі жүргізілуде.

Жыл соңына дейін бастапқы деректерді жинақталып, топографиялық түсірілім жасалады. Бас жоспардың негізгі сызбасы сызылып, қоршаған ортаның әсерін қорғау және жоспардың тірек жоспары дайындалады. Нәтижесінде Бас жоспардың тұжырымдамасы 60% орындалады.

Көлік жүйесін дамыту схемасы мен инженерлік жүйелердің сызбасы келер жылға өтпелі. Бас жоспардың тұжырымдамасын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекіту 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*