Бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде 89 жастағы ақсақал Өркен Әбдіреев қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің назарын «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалына аударды. Тыл және еңбек ардагерінің ұсынысын ескерген қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысты.
Аталған нысан – әзірге жеке серіктестіктің мүлкі. Ал серіктестіктің үлесі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атына республикалық меншікке тіркелген.
Осыған дейін қала әкімдігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен серіктестіктің жарғылық капиталынан «Фосфоршылар» сарайын мүлік ретінде бөліп шығарып, коммуналдық меншікке беру туралы ұсынысын жолдаған.
Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.
Қала басшысы жауаптыларға осы бағыттағы кешенді шараларды заң шеңберінде жүргізіп, ғимаратты елдің игілігіне пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді.
Естеріңізде болса, «Фосфоршылар» сарайын оқушылар сарайына айналдыру туралы сөз болған еді. Қала оқушыларының небәрі 16 пайызы қосымша біліммен қамтылған. Ол үшін бұрынғы Фосфоршылар сарайын қайта жөндеп, Жастар сарайы етіп қайта ашамыз. Одан бөлек, жаңадан заманауи Оқушылар сарайының құрылысын бастауды көздеп отырмыз.
Нәтижесінде, 2025 жылға дейін қосымша біліммен қамтуды қазіргі 16 пайыздан 55 пайызға жеткізуді жоспарладық деген болатын. Десе де, тұрғындардың ойымен санасып, қала басшысы тапсырмалар берді.
Шымкенттегі «Назар Текстиль» ЖШС — жылына 2,3 млн шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. 2014 жылы іске қосылған кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика «Оңтүстік» АЭА аумағындағы орналасқан. Фабрикада 100-ге жуық азамат жұмыс істейді. Заманауи қондырғылармен […]
В Шымкенте усилены меры по поддержанию порядка и чистоты на улицах. С начала года 12 935 граждан были привлечены к ответственности в соответствии с статьей 434-2 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях за нарушение порядка […]
Қазақстанда қазан айының алғашқы жексенбісі жыл сайын Ұстаздар күні ретінде кеңінен аталып өтеді. Бұл – жас ұрпақтың санасына білім мен тәрбие нұрын сеуіп, елдің болашағын қалыптастыратын ұстаздарға деген құрмет пен ілтипаттың айғағы. Осыған орай Шымкент […]
Пікір қалдыру