Қаламыздағы «Металлург» стадионы 10 жылдық үзілістен кейін қайта іске қосылды. Тарихы терең нысанды жөндеуге 3 миллиард 800 миллион теңге жұмсалған.
Шымкентте қайта жаңғыртылған «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде. Озық үлгіде жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, аралап көрді.
1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде заманауи талаптарға сай жаңартылған. 1504 көрерменге арналған стадионда күрес, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, баскетбол, гандболға арналған залдар мен 64 орындық қонақ үй қарастырылған.
Айта кетейік, мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілді.
Айта кетейік, «Металлург» стадионы 1957 жылы құрылған еді. Нысан Шымкент қорғасын зауытына тиесілі болған. Алайда компания жабылып қалған соң, стадион қараусыз қалды. Сондықтан қала әкімдігі жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, қайта жөндеуден өткізді.
Мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған. Құрылысты нақты, сапалы етіп қабылдап алған. Арнайы мамандардан құралған өкілдер тексеріп, оң бағасын берді.
Айта кетейік, спорт кешені өткен ғасырдың 70-жылдары салынған.
Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады.
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS […]
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланы көркейту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті. Бұл игі бастама жыл сайын қала тұрғындары арасында үлкен […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың ішінде бір палаталы Парламент құру мәселесі ерекше назар аудартады. Бұл – еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер әкелетін маңызды қадам. Мемлекет басшысы мұндай реформаны асығыстыққа салмай, халықтың талқылауынан өткізіп, […]
Пікір қалдыру