Бүгін қала әкімінің бастамасымен «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның алғашқы сенбілігінде қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі — табиғатты аялай отырып, шырайлы Шымқаламыздың тазалығы мен көркі үшін жанашырлық таныту болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттырып, оны келешек ұрпаққа табыстау көзделген еді.
Бадам өзенінің жағалауын тазалауға қала әкімі мен құрылымдық басқармалары және аумақтық органдардың қызметшілері үлес қосты.
Қаланы қоқыстан тазартуға шаһардың ластануына бей-жай қарамайтын түрлі жастағы адамдар атсалысты. Экобелсенділер, студенттер және өзге де тұрғындармен бірге зейнеткерлер де сенбілікке шықты.
Сондай-ақ тұрғындар, көшелер мен үйлердің басқарушылары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметшілері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікте депутаттар, кәсіподақ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да белсенділік танытты.
Келесі жалпысенбілікте Әл Фараби ауданы аумағына басымдық беріледі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.
Ал қараша айында тал егу жұмыстары басталады. Қаланың орталықтары, Тұран елдімекені және аэропорт аумағына жапырақты, қылқан жапырақты түрлі декоративі ағаштар отырғызылады.
Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.
Айта кетейік, Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығы үнемі күн тәртібінен түскен емес.
Сенбілік кезінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтауға бар күш жігерін салды.
Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің қатысуымен маңызды профилактикалық кездесу өтті. «Өмірді бағала. Суицидтің алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – әскери ортада психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жеке тұлғаның ішкі […]
2025 жылғы 11 қараша күні Шымкент қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінің жауынгерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында тағы бір заң бұзушылықтың алдын алды. Сағат 14:00 шамасында №55 ҚАЖ мекемесінің техникаларды бақылау-өткізу пунктінде кезекшілікте тұрған […]
Жылдан жылға халық саны артып келе жатқан «Шымкент сити» шағын ауданында қазір 10 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда 3412 пәтерден тұратын 55 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ауыз су, электр энергиясы және табиғи газ мәселелері толығымен […]
Пікір қалдыру