Шымкентте 71 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында арендалық баспанамен қамтылды. Жаңа тұрғын үйлер Тұран шағын ауданында орналасқан. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент қаласы бойынша жылдық жоспарға сәйкес жыл басынан бері 324 арендалық пәтер өз иелерін тапты. Олардың ішінде әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар бар.
Айта кетейік, арендалық баспанамен қамтылған азаматтармен келісім шарт жасалып болған соң ғана түгендеу жұмыстары жүргізіліп, кезектен шағырылады. Ал кезектегі азаматтардың тұрғын үй кезегі түгендеуден кейін алға жылжиды.
Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер- арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу көзделген болса, 888 пәтермен жұмыс істеп жүрген жастар қамтылатын болады. Бұдан бөлек 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1034 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни «5-20-25» несиелік бағыты бойынша 641 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша 322 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша — 71 пәтер кредиттік бағытта рәсімделген.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша 2881 пәтер берілген. Оның шінде:
748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға;
857 пәтер — жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын.
1276 пәтер — «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша несие негізінде берілді.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа, 2021 жылы 416 отбасыға қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын.2022 жылы 58 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген.
Түркістан облысы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Ермек Алимкулов «Еңбек» бағдарламасының көмегін пайдаланып, жеке кәсіппен айналысуды бастады. Ол ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры арқылы 2,4 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, 6 бас жылқы […]
Түркістан облысында үстіміздегі жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 95 721 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, қазіргі таңда 44 677 адам қатысқан. Осы жұмыстарды […]
Түркістан облысы Созақ ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып, 8-нің құрылысы толық аяқталды. Нәтижесінде елдемекендердегі 4,5 шақырымнан астам көшеге асфальт, 1 шақырым жерге аяқжол төселіп, жарықшамдар […]
Пікір қалдыру