Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 25-қазан – Республика күніне орай, жас жазба ақындар арасында республикалық «Күміс қалам-2023» поэзиялық кеші өтті.
Үшінші рет ұйымдастырылып отырған поэзиялық кеш — жастардың ынтасын арттырып, ақындардың шабытын ашуға зор мүмкіндік береді.
Кешті ашып беруге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов арнайы келіп, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, үлкен додада бақ сынасқалы келген жас қаламгерлерге сәттілік тіледі.Алғаш болып Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов сөз алып, жас қаламгерлерге сәттілік тіледі. Ережеге сәйкес поэзия кешіне республика бойынша 16 жас ақын қатысып, авторлық өлеңдерін ортаға салды. Үш кезең бойынша ақындар бір-бірімен жұптасып, түрлі тақырыптарда жыр шумақтарын оқып, поэзия кешінің көркін қыздыра түсті.
Қазылар алқасы құрамында Ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Ана тілі газетінің редакторы, қазылар алқасының төрағасы Ерлан Жүніс, Ақын, Алаш әдеби сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызы, әдебиеттанушы, ұстаз, аудармашы Абай Қалшабек, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Танакөз Толқынқызы, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әлімжан Әлішер болып, жас қаламгерлердің шығармашылығына әділ бағасын берді.
Бекітілген кестеге сәйкес 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар қатарынан іріктеу кезеңіне 16 жас ақын жолдама алған. Олар 4 кезең бойынша бақ сынады.
I орын “Күміс қалам-2023” жас ақындар мүшәйрасының иегері Ұлытау облысынан Айзада Рахымжан, II орынды Жадыра Байбуланова, III орынды Серғазы Қайырболды иеленді.
Шымкент қаласында қолынан іс келетін, шаруаны дөңгелетіп әкетуге қабілетті жандар үшін жақсы мүмкіндік туып тұр. Нақты айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жариялайды. Байқауға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас […]
Үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметкерлер арасында»ТІЛДАРЫН-2020″ атты аудандық байқауы өткізіледі. «ТІЛДАРЫН-2020» атты аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ⤵️⤵️⤵️ 1.Түркістан облысы Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілдің қолдану […]
Байқаудың мақсаты — дарынды жастардың өнерін дәріптеу, жас таланттарды өнерге баулу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану. Байқаудың өткізу тәртібі мен шарттары: Байқау 3(үш) номинация бойынша […]
Пікір қалдыру