«Ikomek 109 Shymkent» ОРТАЛЫҒЫНДА 203 916 АРЫЗ ҚАРАЛҒАН

Орталыққа жыл басынан бері 203 916 арыз-шағым түскен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс тетіктерін біріктіретін мекеме 24/7 тәртібінде жұмыс істейді. Тұрғындардың өтініштері белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарға, коммуналдық мекемелерге жіберіледі.
Өтініштер «109», «87777109109» WhatsApp нөмірлері және Instagram «@ishymkent109», Facebook «Ikomek 109 Shymkent» және «iKolік» мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.
Орталыққа жыл басынан бері 203 916 арыз-шағым түскен. Оның 98,5%-ы орындалып, өз шешімін тапты. Қалған өтініштер жауапты мекемелердің қарауында. Мұнда күніне мыңнан аса арыз-шағым түседі.
Қала әкімі жауаптыларға азаматтармен кері байланыс орнату арқылы қызмет сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ орталық директорына бір де бір арыз-шағымды қараусыз қалдырмай, көтерілген мәселелерді шұғыл шешуді ұйымдастыруды ескертті.
Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс орнатуды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес қала әкімінің бастамасымен  Шымкентте «Айкөмек-109» орталығы ашылған болатын. Бүгінде қала тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр.
Табылған Төлем карталарды, құжаттарды орталықтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы @ikomek109.shymkent-те Stories ретінде салынады. Азаматтар жоғалтқан құжаттарын сол жерден көре алады.

@ikomek109.shymkent -қала тұрғындарының қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған және тағы басқа жерлерде заттарды тауып алған немесе жоғалтып алған адамдарды делдалсыз байланыстыратын орталық. Себебі соңғы уақытта мұнда тұрғындар тарапынан жоғалған затын іздеп хабарласушылар көбейген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*