
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру жөнінде Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар бере келе халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеген болатын.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың адамға жұмыспен қамтудың түрлі бағыттары бойынша қолдау көрсетілді. Жобада кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.
Осыған дейін субсидияланатын жұмыс орындарымен 8349 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» жобалары бойынша жұмысқа орналасқан.
Бүгінгі таңға қала аумағында 25 462 жұмыс орны ашылған.
Осылайша қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары асыра орындалды.
Бағдарламның негізгі мақсаты – жұмыссыздар санын азайту, олардың тұрақты және нәтижелі жұмыс орындарына ие болуына жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың алдына мынадай шараларды жүзеге асыру міндеті қойылып отыр: Біріншіден, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды анықтап, оларды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту. Екіншіден, елімізді индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін кадрлар әлеуетін дамыту. Үшіншіден, еліміздің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін алдыға қойылып отырған жаңа міндеттер аясында жетілдіру. Сөз болып отырған осы мәселелер ескеріле келе жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру үшін бірінші кезекте халықты оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастырып, осы іске жәрдемдесуге мән беріледі, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулеріне қолайлы ахуал тудырылады.
Пікір қалдыру