Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында Нұршуақ елдімекенінде салынып жатқан 2 мың орындық мектептің жобасымен танысып, жұмыс барысын тексерді. Қазір білім ғимаратын салуға елдімекен аумағынан 4,2 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық жобаның алғашқы кезеңі биыл жүзеге асырылады. Яғни, Шымкентте 2023 жылы 17 300 орынға арналған 12 мектептің, ал келесі жылы 20 400 орындық 13 мектептің құрылысы басталады.
«Жайлы мектеп» аясында бой көтеретін білім нысандарының басты ерекшелігі — оның жабдықталуында. Мамандардың айтуынша, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформер-мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шкафтар, оқу-зертханалық құрылғылар, ауыз су бұрқақтары орнатылып, Wi-Fi және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ. Сонымен қатар, компьютермен жабдықталған физика, химия, биология дәрісханалары мен оқу зертханалары, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар болады.
Қала әкімі жауаптыларға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің, ең алдымен, оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шараның барлығын ескеру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда.
Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген.
Келесі жылы 10 700 орындық 6 мектеп салу жоспарланып отыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ -ның қолдауымен Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 63 білім ошағы салынады. Биыл соның 29-ы пайдалануға берілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынатын бұл білім ұялары өңірдегі үш […]
Қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл 17 300 орындық 12 ғимаратты салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық […]
Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ол туралы алғаш екі жыл бұрын Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылды. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен […]
Пікір қалдыру