Шымкент қаласы №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы екі қарттың көңілі жарасып, бас құрады. Қос ардагердің қуанышына орай, демеушілер есебінен той жасалып, жақсы тілектер айтылды.
72 жастағы Рақымқұл Бегалыұлы мен 62 жастағы Найла Мұхаммедқызы осы қарттар үйінде танысып, бас қосқан. Екеуі де №10 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2023 жылдың маусым айында келген. Жыл соңына қарай қос ардагер үйленуге шешім қабылдап, 23 қарашада заңды некеге тұрған. Бүгін қоғам белсендісі Самат Бекебаев демеушілердің есебінен дүбірлетіп тойын ұйымдастырып берді.
Тойға қарттар үйінің қызметкерлері, жұбайлардың замандас-құрдастары қатысты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қуаныш иелерін үйлену тойымен құттықтап, деніне саулық тіледі.
–Бақытты болуға ниет еткен адамға уақыт кедергі емес екенін өздеріңіз тағы бір рет дәлелдедіңіздер. Көңілі жарасқан адам қандай кезде де бір-біріне сүйеу. Сіздерді бүгінгі шаттық күнмен құттықтай отырып, осы тойға атсалысқан барша жанға алғыс айтамын, — деді басқарма басшысы.
Тойды ұйымдастыруда басы-қасында жүрген С.Бекебаев та құттықтау сөзінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар жандарға, жетім балалар мен өмірлік қиын жағдайға түскен әйелдерге және қарттарға жақсы жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
–Қайырымдылық істерге араласқалы бері қаншама өңірде болдым. Алайда, Шымкент қаласындағыдай әлеуметтік орталықтар, қарттарға жасалған жағдай мен мүгедек балаларға көрсетіліп жатқан көмекті ешбір өңірде көрмедім. Біз де осындай игілікті істерді ұйымдастыруда қол қусырып қалмайық деген ниетімізді амалға асырып жатырмыз, — деді қоғам белсендісі.
Айта кетсек, қазіргі таңда №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 47 қызмет алушы бар. Оның 15-і әйел, 32-сі ер адам.
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дерекөзден алынды. Шымкенттік табиғат жанашыры Гүлнар Өтебаева, көктем айларында Рысқұлов көшесі бойына егілген ағаштар жаз айларында суғарылмай қурап қалғанын айтады. Ол бұл жайлы қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында мәселе көтерді. […]
Бүгін Шымкент қалалық Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға департамент басшылығы, жеке құрам өкілдері, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Бұл басқосу еліміздің басты заңын ұлықтаумен қатар, полиция қызметкерлерінің […]
Илюстрациялық сурет интернеттегі ашық дереккөзден алынды. 2021–2022 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс арқылы «Көк», «Чумчак», «Шапырашты», «Шымкент», «Сарқырамадан төмен Сай» каналдарын күрделі жөндеу жұмыстары жарияланып, мердігерлермен тиісті келісім-шарттар түзілген болатын. Алайда көрсетілген […]
Пікір қалдыру