Табиғаты әсем Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған.
Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді.
Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Патсаев. К» және «Боташов Б» демалыс орындары ашылмақ.
Жобалар толық іске қосылғанда, 323 жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде.
Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы. Солтүстігінде Бәйдібек ауданымен, шығысында Жамбыл облысының Жуалы ауданымен, батысында Сайрам, оңтүстігінде Төле би аудандарымен шектеседі. Aудан Сырдария округіне қарасты, Шымкент уезі, Майлыкент болысының аумағында, орталығы Түлкібас стансасы болып, 1928 жылы 17-ші қаңтарда құрылғандығын мұрағат құжаттары растайды. 1930 жылы 17-ші желтоқсандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес, осы жылдың 23-ші шілдесінде Түлкібас ауданы, Жуалы ауданына қосылды. Бес жылдай Жамбыл облысының қарамағында болып, 1935 жылы 9-шы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қайта шаңырақ көтеріп, орталығы Ванновка ауылы болып бекітілді. 1963-1966 жылдары Сайрам ауданында болды. 1928 жылдан тәуелсіздік алған жылдарға дейін ауданды 19 азамат басқарған. Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін ауданды 9 әкім басқарған. 1993 жылы 7-ші қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақтың қайсар ұлы Тұрар Рысқұловтың 100 жасқа толу құрметіне орай, аудан орталығы Ванновка ауылы Тұрар Рысқұлов ауылы болып өзгертілді. Қазіргі таңда аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов болып аталады.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Қазығұрт және Төлеби аудандарында қоғамдық қабылдау өткізді. Сонымен бірге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 4 отбасының шаңырағына […]
2025 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы саласы болып отыр. Облыстағы халық санының артуы, урбанизация процесінің жеделдеуі және инфрақұрылымдық қажеттіліктер тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Осыған орай, биыл өңірде […]
Түркістан-Кентау автомобиль жолын жөндеу 95 пайызға аяқталып қалды. Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Түркістан және Кентау қалаларын жалғайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жөндеу жұмыстарымен […]
Пікір қалдыру