Түркістан ауылшаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұрған облыстың бірі. Шетелдік инвесторлар осы бағыттарға қызығушылық танытуда. Бүгін Сауд Арабия және Түркия елінің инвесторлары өңірдің инвестициялық ахуалымен танысып, мал шаруашылығы және жылыжай салу бойынша инвестиция салуға дайын екенін жеткізді.
Инвесторлар осы аймақтан мал өсіру мен ет өнімдерін шығару және жылыжай кешендерін ашуды ұсынды. Пайдалы және қауіпсіз өнімге кепілдік бере отырып, «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығаруға дайын екенін айтты. Инвесторларға индустриалды аймақтағы, дайын өндіріс алаңынан арнайы алаңшалар жалға беру жоспарлануда.
«Al Thiqa» – 70 жыл бойы әлемге мал саудасы бойынша танымал компания. Барлық өнімдері жоғары сапада екенін растайтын сертификат алған. Компания мал өсіру мен піскен ет өндіруден басқа, азық-түлікті импорттау және экспорттау қызметтерін ең жоғары сапа деңгейінде ұсынады.
Түркістан облысына бұдан өзге де өндіріс орындарын ашуға ниетті инвесторларды айтқан болатынбыз. Өзара келісім жүзеге асып, аталған компания елдің экономикасына үлес қосып қана қоймай, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мұрындық болады.
Сондай-ақ, Түркістан қаласында 2023-2025 жылдары 169 жаңа жұмыс орнын құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар темірбетон бұйымдары, темір және ағаштан есік жасау, асфальтты бетон өндіруге бағытталуда. Жоба құны 3 млрд. теңгені құрайды.
Рухани астананың халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының бойында орналасуы, қалыптасқан әуе және темір жол қатынастарының болуы өнеркәсіпті өркендетуге мол мүмкіндік береді. Осы ерекшеліктер ескеріліп, облыс орталығында Арнайы экономикалық аймақ құрылып, инфрақұрылым жүйелері тартылған болатын.
Қазіргі таңда Түркістан индустриалды аймағында 1330 жұмыс орнын құрайтын 27 жоба орналасқан. Жалпы құны – 13,01 млрд. теңге.
25 қазан – Республика күні мерекесінде Түркістан қаласында жалпы білім беретін 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. №35 мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. – Алдымен баршаңызды Республика […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту және мұғалімдерді қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атаған еді. Артынша мемлекет басшысы үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» […]
Түркістан облысында жаңа жобалардың жүзеге асуы негізгі капиталға инвестиция салу ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуын, білім мен жаңа технологиялар трансферті арқылы аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. Панельдік сессия соңында Түркістан […]
Пікір қалдыру