Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Түркістан қаласындағы үйлердің құрылыс алаңын аралап көрді.
Алдымен әкім әкімшілік-іскерлік орталықта салынып жатқан 9 қабатты 7 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үйдің санынан сапасы маңызды деген өңір басшысы мердігерге өз жұмысына мұқият болуды тапсырды. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің монолит бетон құю, қабырғаларын қалау, терезе орнату, электр, су, кәріз жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Нысан басында 360 жұмысшы, 16 техника жұмыс атқаруда. Тұрғын үйлердің инфрақұрылымының жобасы әзірленіп, сараптасы алынған. Қаржыландыруға республикалық бюджетті нақтылауға 700 млн теңге ұсынылды. Жалпы жобалар құны 4,4 млрд теңге.
Тұрғын үй құрылысы биыл желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Пәтерлердің жалпы ауданы 70 мың шаршы метрге жуық.
Пәтер саны 1062, оның ішінде 2 бөлмелі 536 пәтер және 3 бөлмелі 472 пәтер бар.
Облыс басшысы сондай-ақ 5 қабатты 20 тұрғын үй кешеніне барып, құрылысты аралап көрді. Мердігерлермен жүздесіп, жеке-жеке тапсырма берді. «Отырар» шағынауданында көппәтерлі кешенде бірнеше мердігер мекеме бар.
Ауқымды жобаның жалпы құны – 16,14 млрд теңге. 11,4 га жер көлемі бар кешендегі жалпы пәтер саны – 800. Қазіргі таңда құрылыстың 35 % аяқталған. Биыл маусым айында құрылысты аяқтау жоспарланған.
Бүгінгі Республикалық референдумға түрлі қызықты жағдайлар орын алуда. Қазыбек би ауылдық округі Н.Оңдасынов ЖББМ-де орналасқан №206 сайлау учаскесіне топ болып жиналып келген ақ жаулықты ауыл әжелері жаппай дауыс беріп, өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті. Әжелер алқасының […]
Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралады. Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, […]
«Шардара Армспорт» спорт клубының қол күресшілері Шардара ауданындағы №850 дауыс беру учаскесіне барып өз таңдауларын жасады. Бүгінде «Шардара Армспорт» спорт клубында 500-ге жуық спортшы жаттығады. Аудан бойынша қол күрестен 113 әлем чемпионы бар. Айта кетсек, […]
Пікір қалдыру