ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БИЫЛ 37 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ АСАДЫ

Сауран ауданында биыл 37 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылмақ.
Аудан экономикасының жандана түсуіне түрткі болатын жобалар қатарында «Turkistan Fruit» ЖШС-ң жеміс шырыны өндірісі бар. Жоба құны — 4,5 млрд. теңге, онда 54 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Шорнақ ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қапшығын өндіретін «Sauran Plast» өндірістік кешені бар. Бұдан бөлек, Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС-і жалпы қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Жоба құны — 8 млрд.теңге. Айта кетерлігі, ауданға қарасты Шаға ауылдық округінде «SAURAN» индустриалды аймағы құрылған. Онда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады.
— 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құрады. Өңірлік өнімнің ішінде 84,7% — ауыл шаруашылығына, 9,2% — өнеркәсіп саласына, 4,7% — құрылыс саласына, 1,4% — сауда саласының үлесінде. Ауданның өнеркәсіп саласында — 11,1 млрд. теңгенің, ал тау-кен өнеркәсібінде — 465 млн. теңгенің өнімі өндірілді, — деді аудан әкімі.
Ауданда 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі былтыр 49,4 млрд. теңгені құраған. Биыл өнім көлемін 85 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мемлекет басшысы өңірлерді дамыту мәселесін ең алдыңғы бағыттарға қойған болатын. Осы орайда, ауылдарда техникамен атқарылатын жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты оларды қажетті техникалармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер жасалынды.

Соның бірі ауданымызда жүзеге асып, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Коммуналдық салада атқарылып жатқан қызметті одан әрі жетілдіру, жұмыс көлемін оңтайландыру мақсатында техникалық көліктері алынды. Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағыты мен ауылдардағы коммуналдық мәселелер алдағы уақытта осы техникалардың көмегімен атқарылатын болады.
Атап өтсек, қазіргі таңда жүк тиегіш көлік, трактор, манипулятор, қоқыс таситын көлік, автогрейдерлер 1 данадан және және муравей мотоцклі 3 дана алынды. Аталған техникалық көліктер аудан әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сауран қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*