ЖИҺАЗ ӨНЕРКӘСІБІ САУРАН АУДАНЫНЫҢ БРЕНДІНЕ АЙНАЛДЫ

Түркістан облысы Сауран ауданында жиһаз өнеркәсібі жанданып, дамып келеді. Тіпті сол өңірдің брендіне айналды десек те қателеспейміз.  Түркістан облысында халық сұранысына қарай зауыттар мен фабрикалар ашу, жаңа жұмыс орындарын көбейтуге ден қойылған. Бұл бағытта өңірде бірқатар жобалар қолға алынған. Әсіресе жиһаз шығару саласының даму қарқыны жақсы. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аймақтағы жиһаз өндірушілерді арнайы қабылдап, кәсіпорындарды аралап, жиһаз кластерін дамыту бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берген болатын.
Бүгін облыс әкімі Сауран ауданынына жұмыс сапары барысында Шорнақ елді мекеніндегі «ТАК мебель» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жеке кәсіп иелерімен кездесіп, істі дамытуға қолдау бар екенін жеткізді.
– Түркістан облысында жүріп жатқан құрылыста отандық құрылыс материалдарына басымдық беріледі. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды да отандық жиһаздармен жабдықтау қажет. Қолдау болады. Өндіріс көлемін молайтып, экспортқа шығаруға басымдық берген жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Жылына 12 000 дана өнім өндірілетін цехта 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сапалы әрі бәсекелестікке төтеп беретін жиһаздарына сұраныс жақсы. Мұндағы өнімдер шетелдің жиһаздарынан кем емес.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруді қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді жою және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіндегі өндірістік аймағында орын тепкен «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жұмыс жасап келеді. Басшысы — Ниязәлі Бейсенбаев.

Бүгінгі таңда өндіріс орнында 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Онда жаңбырлатып суару машиналары жасалып, тракторлар құрастырылуда. Жобаның қуаттылығы – жылына 950 жаңбырлатып суару жүйесін шығарады.
Бұл техника америкалық технология негізінде жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, мұнда тракторда шығарылуда. «BNK GROUP LTD» ЖШС шығарылған өнімдерге өзге өңірлер және шетелдерден де сұраныс жоғары болып отыр.
Сонымен бірге, «Ақниет Холдинг» Мүгедектор қоғамы әскери шатыр өндіреді. Бұдан бөлек, корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісін шығарады. Қазіргі таңда 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*