Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Темір Базарбайұлы мен Нұрсұлтан Төленұлының ауданымызға жасаған іс-сапары барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді де, білікті болуы тиіс» деген сөзін жұмыстарының басым бағытына айналдырған Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде болып, білім ордасының ұжымымен, жастармен жүздесті. Білім сапасын арттыру мен қолбайлау болып отырған кейбір мәселелердің шешілу жолдары бойынша пікірлерін тыңдап, ұсыныстары талқыланды.
Алғашында Мырзашөл өңірі мектептерін педагог кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында ашылған білім ордасы білім беру ісінде озық инновациялық құрал-жабдықтармен жарақтандырылғанын, заман талабына жауап беретін оқу және материалдық-техникалық базасы қалыптасқанын айтқан колледж басшысы Лаззат Баймаханова ұстаздар мен студенттердің жеткен жетістіктерімен таныстырды.
Студенттердің сапалы білім алуына 1 типтік оқу ғимараты, 2 жатақханасы қызмет көрсететін аталмыш колледжде гуманитарлық-техникалық бағыттағы мамандықтар бойынша 1300-ден аса студент білім алуда.
Кездесуде колледж басшысы өткен жылы қос жатақханаға ағымдағы жөндеу, безендіру, жаңарту жұмыстары жүргізіліп, студенттердің жатын бөлмелері жаңа жиһаздармен, ішкі әжетханалармен, жуынатын бөлмелермен, бейнебақылау камераларымен қамтылғанымен 43 жыл бұрын салынған ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттен қаржы бөлдіруге көмек сұрады.
Айта кетейік, арнайы компьютер сыныптарымен, лингафон және мультимедиялық кабинеттермен, зертханалармен, шеберханалармен және арнайы оқитын, жеке сабақтарға арналған, жалпы білім беретін пәндерге арналған оқу кабинеттерімен қамтылған колледжде студенттер бүгінде 100 пайыз мемлекеттік грант негізінде білім алады.
Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Жетісай қаласының орталық саябағында бой көтерген спорт кешенінде көрерменге арналған 150-дей орын […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауданда ауқымды сенбілік өтті. Қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендермен қатар Шардара-Жетісай автожолы бойындағы Қарасақал елді мекенінің тұсындағы 8 шақырым жолын санитарлық […]
Жетісай ауданының аумағында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында жаппай сенбілік болып өтті. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бастаған тазалық жұмыстарына 1200-ге жуық адам қатысты. Қатысушылардың 205-і мемлекеттік мекемелердің қызметшілері болса, қалғаны аудандық мәслихат депутаттары мен […]
Пікір қалдыру