Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа жоңышқа дақылын еккен.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов апталық жұмыс жоспары барысында диханшылықтан нәпақысын тауып жүрген шаруалармен жүздесіп, жағдайларымен танысты. Еркін форматта әңгімелесіп, шешімін табуы тиіс мәселелерді сөз етті. Шаруалардың айтуынша ақпанда отырғызылған көшеттер ауа-райының қолайсыздығы салдарынан мерзімінен кештеу піскенімен сұранысқа сәйкес Ресей Федерациясына экспортталып жатыр.
«Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді.
Бүгінде өнімдерімізді ешқандай делдалсыз егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, Ресейге жіберіп жатырмыз» дейді шаруалар.
Айта кетейік, биылғы жылы аудандағы суармалы жердің 20 мың гектарына егілген бақша дақылдарының 16 мың гектары қауын болса, 4 мың гектары қарбыз дақылы.
Былтырғы жылы 18 780 гектар алқапқа егілген бақшаның 14 мың гектары қауын, 4,6 мың гектары қарбыз болған. Ал, жалпы алынған өнім көлемі 514,3 мың тоннаны құраған.
Крестьяне Туркестанской области приступили к посеву озимых зерновых на 168 тыс. га методом прямого посева Технология No-till — это система нулевой обработки почвы, впервые данный метод в регионе начали внедрять 3 года назад. С […]
Созақ ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы табысты жүзеге асуда. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді жолға қою. 2024 жылы Созақ […]
Мемлекет басшысы өз Жолдауында қарапайым еңбек адамдарына – ел дамуының негізгі тірегіне айналған шаруалар мен жұмысшыларға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта Түркістан облысының Созақ ауданында ауыл шаруашылығын өркендету, соның ішінде етті бағыттағы мал […]
Пікір қалдыру