Мақтаарал ауданы Аткент кентіндегі Алпамыс батыр атындағы орталық стадионында «Елім, Жерім, Отаным»-деп қаны, жаны, терімен еңбек еткен
Соғыс ардагерлерінің құрметіне және аудан тұрғындары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында» футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында Мақтаарал ауданының ашық біріншілігіні өтті.
Мақтаарал ауданының Прокуратурасы, Мақтаарал ауданы бойынша «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРІ», «Зағиптар және Мүгедектер» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Мырзакент спорт клубының ұйымдастыруымен соғыс ардагерлерін еске алу, аудан жастары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында футбол ойынын дәріптеу мақсатында өткен іс шараға Кентау қаласы, Түркістан қаласы, Төлеби, Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 16 команда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша тартысқа толы өткен ойындарда өзіне қарсылас шақ келтірмеген Кентау спорт клубының командасы чемпион атанса, финалда сүрінген Жетісай спорт клубы командасы екінші орынды, ал үздік үштіктен көрінген Мақтаарал ауданының командасы қола медальді қанағат тұтты.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері және үздік ойыншылар демеушілер есебінен бағалы заттай сыйлықтармен кубоктар және медальдармен мараппатталды.
Жарыс демеушілері «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРІ» Қоғамдық бірлестігіне шынайы алғысымызды білдіреміз, алдағы уақыттада үлкен іс шаралардың өтуіне себепкер болатындарыңызға сенеміз.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүрулеріне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Мақтаарал ауданында 6 млрд теңгенің ауқымды жұмыстары жүргізілуде. Қайта құрылғанына биыл 6 жыл толып отырған Мақтаарал ауданында […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері су тасқынынан зардап шеккен. Су астында қалған мал шығыны 297 бас мал. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар […]
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірден азаматтарды солтүстікке көшіру бойынша ақпараттық насихаттық жұмысты қолға алғаны белгілі. Мақсат — Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасын халық […]
Пікір қалдыру