Бұл сайыс бұынғысынан өзгерек. Ерекше форматта шахмат сайысы өтті. Интеллектуалды ойында қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан» қызмет алушы зейнеткерлер мен қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» жас шахматшылары шаршы тақтада сынға түсті.
Шахмат сайысының мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы, зияткерлік ойынды дамытып, кеңінен насихаттау. Спортқа деген қызығушылықты арттырып, жас дарындарға қолдау көрсету.
Ардагерлердің көңілін сергітіп, жастарға жігер берген іс-шара қызықты әрі тартысты өтті. Жарысқа шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, түркістандық жас шахматшы Сұлтанхан Нұрислам қатысты.
Шаршытақтаның жас шеберлері арасында алғашқы орынды Сұлтанхан Нұрислам иеленіп, II орын Мұхаммедәмин Мәуленұлына, III орын үздік ойыншы Нұрислам Абдуғаппаровқа бұйырды.
Орталықтағы ардагерлер арасында I орын Сембек Дүйсекбайға, II орын Ерсін Жарқынбекке бұйырды. III орынға Әуез Ахметов ие болды. Сайысқа қатысқан 24 шахматшы да өз шеберліктерін көрсете білді.
Ойы ұшқыр, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс соңында ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жас буынға бата-тілегін жеткізді.
Фото авторы: Данияр Тұрсынбай Түркістанда «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен 2009-2015 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен ашық біріншілік аяқталды. Спорттық шараға Қызылорда, Шымкент, Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандарынан келген 300-ге жуық […]
Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азаматтар қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Шаһардағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы […]
Түркістанда жазғы ашық алаң ойындары жалғасуда. Тамыз айының кезекті жарыс күні Отырар мөлтек ауданындағы ашық алаңдарда өтті. 300-ге тарта сектор тұрғыны қатысқан жарыста секіргішпен секіру, ләңгі тебу және белтемірге тартылу мен асық атудан үздіктер анықталды. […]
Пікір қалдыру