Түркістанда қаланың «Құрметті азаматы» Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан ашық турнир басталды.
Сейілхан Саттарханұлы — Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Cаттархановтың әкесі. Өнегелі өмірін шаһардың дамуына арнаған жан.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл Саттарханова жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыста 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер түрлі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Спорт додасында Түркістан қаласы мен Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек, Отырар, Сауран, Ордабасы, Жетісай аудандарынан келген 70-ге жуық жас спортшы бақ сынасуда.
Жарысқа қатысушылар арасында жеңіске жету тек физикалық дайындығын ғана емес, спортшының ішкі рухани дайындығын да талап етеді. Бокста тактика мен шеберлік маңызды рөл атқарады, және жасөспірімдер үшін мұндай турнирлер олардың кәсіби дамуына зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл турнир жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, спорттық мәдениетті дамытады.
Бокстан өтіп жатқан ашық турнирде әрбір спортшы жеңіс үшін барын салуда. Түркістан қаласында осындай іс-шаралардың өткізілуі жасөспірімдер арасында спортқа деген қызығушылықты арттырумен қатар, өңірдегі бокс саласының дамуына да айтарлықтай әсерін тигізуде.
Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл жайында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді. «Республика күні ел Президенті Қасым-Жомарт […]
Осы орайда, бүгін Түркістан қаласында Олимпиада чемпионын еске алуға арналған футболдан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Ұйымдастырған — Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» Бәйгеде Түлкібас, Келес, Жетісай аудандары мен Кентау, Түркістан қаласының спортшылары […]
Облыс орталығында баскетболдан дәстүрлі өтетін жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ Халықаралық турнирі “Біз нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды. Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда. Турнирде Бішкек (Қырғызстан […]
Пікір қалдыру