Түркістан қаласының жер көлемі – 22,4 мың гектар. 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша халық саны 233 533 адам. Оның экономикалық белсендісі 87873 адам.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің аудан, қалаларын дамыту жұмыстары жүруде. Оның ішінде Түркістан қаласына ерекше көңіл аударылған. Жұмыстар нәтижесінде көрсеткіштер жақсаруда. Өнеркәсіп өнім көлемі 19 902,5 млн. теңге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 11 845,6 млн. теңге немесе 107,8%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 3466,3 млн. теңге немесе НКИ 104,0% құрады, жылыжайлар – 1,5 га. 2024 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысымен 22 002 бірлік шағын және орта бизнес тіркелген. Қалаға 163 185,4 млн. теңге (138,3%) инвестиция тартылған. Оның ішінде жеке инвестиция 104 508,9 млн. теңгеге ұлғайған. Құрылыс жұмыстары: 109 858,5 млн. теңгені құрады. Пайдалануға берілгені – 152 257 шаршы метр оның ішінде 82 426 шаршы метрі жеке тұрғын үйлер есебінен салынған
Қалаға келетін туристер саны артып келеді. Туристер мен зиярат етушілер саны 2023 жылы 1 015 211 адам болса, 2024 жылдың 6 айында 752121 адам келген. Шетелден 2022 жылы 7113 адам келсе, 2023 жылы 12 169 адам мейман болған. Ал 2024 жылдың 6 айының өзінде шетелден 13 732 турист келіп отыр.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейіне арнайы келіп, білім ордасының шығармашылық және рухани дамудағы жетістіктерін жоғары бағалап, ұжым мүшелерінің еңбегін тілге тиек етті. Жақында ғана Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған […]
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында жасанды көлі бар жаңа заманауи демалыс аймағы пайдалануға берілді. Жоба – жазғы демалыс кезінде балалар мен отбасыларға қолайлы жағдай жасауды көздейтін инфрақұрылымдық бастамалардың бірі болып табылады. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының […]
Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде де Түркістан қаласында сақтық шараларын қатаң сақтай отырып құрылыс жұмыстары қарқыны бәсеңдеген емес. Облыс орталығында бой көтерген Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығында құрылыс аяқталып келеді. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерін […]
Пікір қалдыру