Түркістан қаласында жыл басынан бері кемшіліктері анықталған 100-ге жуық ойын және спорт алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Жаңа қала шағын ауданындағы 11 көше 29/1 үй, 37/3 үй, 27/2 үй ауласындағы ойын алаңшалары да ретке келтірілді. Қалған аумақтардағы алаңшаларды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Сонымен қатар, биыл қала аумағында жаңа 17 спорт және ойын алаңшасы, 9 street workout қондырғылары орнатылды. Қазіргі таңда қала көлемінде 250-ге жуық спорт және ойын алаңшалары бар.
Былтырғы жылы тұрғындар ұсынысына сәйкес, 25 футбол алаңшасы мен ойын алаңшасын салуға мердігермен келісім шарт жасалып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілген.
Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы, ойын алаңшасына орнатылған құрылғылардың сапасын тексеріп, қосымша жұмыстар бойынша мердігер мекеме және тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктесе, тұрғындардан өз алаңшаларын күтіп ұстауды өтінді. Балалар көп нәрсені ойлап тапты ойын алаңдары және ойын-сауық. Бірақ ойын алаңдары әдетте бағынышты болғандықтан ересектердің қадағалауы және қадағалау, жас балалардың көше мәдениеті сол жерде толығымен өркендеу үшін жиі күреседі
Түркістан қаласы халықаралық деңгейдегі қолөнер орталығына айналу жолында ауқымды қадамдар жасалуда. Оның алғашқы нақты нәтижесі ретінде шаһарда заманауи «Қолөнершілер орталығының» ғимараты салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жаңа нысан болашақта қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп қана […]
Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы […]
Мектепке дейінгі кезең – тұлғаның дамуындағы маңызды кезең, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі, бұл оның одан әрі дамуында, білім алуында және болашағын айқындауда шешуші рөл атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясат […]
Пікір қалдыру