Түркістандағы Конгресс холл кешенінде «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шараның тәрбиелік мәні мен маңызына тоқталды.
– Отбасы – қоғамның іргетасы һәм ажырамас бөлігі. Адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін ортасы, өсіп-өнетін қасиетті алтын бесігі. Елімізде отбасыдағы тәлім-тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде 11 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының орны ерекше. Оның жастар мен жас отбасыларға берері мол, – деді Ертай Алтаев.
Мұнан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов сөз алып, қазақ халқы үшін отбасының қасиетті ұғым, қастерлі құндылық екенін жеткізді.
– Адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасыда қалыптасады. 58 немере, 66 шөбере, 2 шөпшек сүйген саялы бәйтеректей отағасы ортамызда отыр. Бір отбасынан 130 ұрпақ өрбігенін көріп марқайып қалдық. Экономиканың дамуы демографиялық өсімге де байланысты. Жер көлемі бойынша әлемде 9-орынды иеленетін мемлекет үшін 20 миллион тұрғын да аздық қылады. Біз әлі де өсіп-өнуіміз керек. Сондықтан, әр кез жастарға шаңырақ көтеріп, ұрпақ өрбітіп, өсіп-өніңдер деймін, – деді Жеңісбек Мәуленқұлов.
Салтанатты жиында жеңімпаздарға сый-құрмет көрсетілді. Атап айтар болсақ, конкурс қорытындысы бойынша І орынды Меңлібаевтар отбасы (Сарыағаш ауданы) жеңіп алды. Отағасы Есіркеп Үсенбайұлы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қазір зейнеткерлік демалыста. Жұбайы Орынкүл Меңлібаева – «Алтын алқа» иегері, зейнеткер. Олар 3 ұл мен 4 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде осы перзенттерінен 22 немере мен 11 шөбере сүйіп отырған бақытты ата- әже.
Облыс орталығында «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды. Концерттік бағдарлама Отырар тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда осы бағыттағы мәдени шаралар алдағы уақытта әр секторда кешкі уақытта жалғасады деп […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалып, қала аумағындағы қаңғыған иттер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар […]
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты. Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының […]
Пікір қалдыру