ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаламызда көлік ағыны ең көп көшелердің бірі Қонаев даңғылының Рысқұлов көшесі мен Түркістан көшесі аралығындағы аумағы орташа жөндеуден өтті. 2007 жылы салынған жолдың асфальт жабындысы биыл ауыстырылып отыр. Жолда шұңқырлар пайда болуына байланысты тұрғындардан арыз-шағымдар түскен болатын. Қазір ескі асфальт жабындысы толық алынып, жаңа екі қабатты асфальтті бетон төселді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 4 жолақ сызылды.

Бүгінде қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданындағы 60-тан астам көшеде атқарылды. Сондай-ақ Қаратау ауданындағы Қайтпас, Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде, Әл Фараби ауданы Сәуле елдімекенінде жалғасуда.

Осыған дейін Тұран ауданы Қызғұрт елдімекеніндегі 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Олар: Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка,Алтын сақа, Үсенов, Қожанова, т.б көшелері.
Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*